Моңғолиядағы қазақ спортшысы рекорд жаңартты

Ұланбатыр қаласында пауэрлифтингтен өткен Моңғолия чемпионатында Сайфолла Тілеубердіұлы Моңғолия рекордын жаңартты. Бұл туралы kaznews хабарлайды деп жазады baq.kz. Дереккөз: baq.kz

3
Дінәділ Мұстафин

Алып күш иесі бұған дейін 6 рет Моңғолия чемпионы атанса, талай мәрте Азия және әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен. Ал, Ұланбатырда жалау көтерген сындарлы бәсекеге моңғол елінен 300-ге жуық спортшы қатысқан екен. 120 келі салмақ дәрежесінде күш сынаған қандасымыз болса 320 келі зілтемірді көтеріп, ел рекордың жаңартыпты.

Тағы бір қуанарлығы, Сайфолланың шәкірттері Дінәділ Мұстафин 66 келіде жүрелеп отырып көтеру түрінен 255 келіні бағындырып, қола медаль алса, тағы бір шәкірті Н.Учрал 74 келі салмақта күміс жүлде таққан.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

Пікір қосу