Павлодарда егіздер саны артып келеді

Соңғы жылдары Павлодар облысында егіздердің дүниеге келуі жиілеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
0
егіздер сурет

Агенттіктің ресми сауалына жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдар Сейітқазинов мәлімдегендей, былтырғы жылы көрсеткіш едәуір ұлғайған.

— 2015 жылы Павлодар облысында 141 егіз бен үш үшем дүниеге келген. Ал, 2016 жылы өңірде төрт егіз жарық дүние есігін ашқан. Биыл үшемдердің туылу фактісі әлі тіркелмеді, — дейді А. Сейітқазинов ресми хаттың жауабында.

Айта кетерлігі, облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2013 жылы 85 ана егіз баланы дүниеге әкелсе, үш ана үшем туған. Ал 2014 жылы 114 егіз бен екі үшем туылған.

Мамандардың хабарлауынша, егіздер туылған 141 жағдайдың бесеуінде экстракорпоральды көмек қажет болған. Алайда үшемдер туылған үш жағдайдың біреуінде ғана отбасы аталмыш медициналық қызмет түріне жүгінбеген.

А. Сейітқазиновтың айтуынша, өткен жылы Павлодар облысында 36 отбасы квота арқылы экстракорпоральды ұрықтандырудың көмегіне жіберілген. Биылғы жылы бұл мақсатта қаражат бөлінген жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу