Түркияның әуе күштері толық жауынгерлік дайындыққа келтірілді

Түркияның әскери әуе күштерінің қолбасшылығы өзіне қарасты барлық бөлімді дабылдың «қызғылт сары» деңгейге көтерілуіне байланысты, соғысқа дайындық түріне көшірді. Бұл туралы Анатолия агенттігі хабарлады. Дереккөз: Сentralasian

3
Реджеп Ердоған

Бұған дейін Түркия ресейлік ұшақтың елдің әуе кеңістігін тағы мәрте бұзғанын хабарлаған еді. Оқиға Түркия ресейлік әскери ұшағын атып түсіргелі бері екі айдан кейін болып отыр.

Түркия президенті Реджеп Ердоған қаңтардың 30-күні Ресейге Түркияның әуе кеңістігін бұзуды жалғастыра берсе оған тиісті жауап берілетінін ескертті. Ердоған мәлімдемесін Түркия СІМ ресейлік Су-34 әскери ұшағының орыс және ағылшын тілдеріндегі ескертулерге қарамастан, қаңтардың 29-ы күні елдің әуе кеңістігіне кіргені туралы хабарламасынан соң жасады.

Радиолокациялық станциялардың ескертулерін елемеген ресейлік жойғыш ұшақтың Түркияның қай ауданында әуе шекарасын бұзғаны белгісіз.

Түрік СІМ Ресей тарабын екі ел арасындағы жағдайды ушықтырып отыр деп айыптайды және оның кез келген салдары үшін жауапты болатынын ескертті. Осыған орай Ресейдің Анкарадағы елшісіне нота табыс етілді.

НАТО  Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейді “жауапкершілікпен әрекет етуге және НАТО-ның әуе кеңістігін сыйлауға” шақырды. Столтенберг қаңтардың 30-ы күні “Ресей мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін барлық қажетті шараны қолға алуы тиіс. НАТО бұл мәселеде өзінің мүшесі-Түркияны қолдайды»,- деп мәлімдеді.

Ресей мен Түркия арасы қарашаның 24-і күні түріктің ӘӘК Сирия аспанында түріктің әуе кеңістігін бұзды деп айыптаған ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірді. Мәскеу барлық айыптауды жоққа шығарып, Түркияға қарсы санкция енгізді

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

Пікір қосу