1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның көптеген аймақтарында әлі де фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) түсіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейуі сақталады, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа рауы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
көктайғақ қар жаңбыр

Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, түнде және таңертең желдің күші 16-21 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен соққан жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде және таңертең бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күші 18 м/с болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!