Шымкентте арнайы операция барысында ірі бизнесмен Тоқтар Төлешов тұтқындалды

Бүгін Шымкентте төрт күдікті тұтқындалды. Олардың бірі - қаладағы ірі бизнесмен саналатын Тоқтар Төлешов деп хабарлады NUR.KZ-ке ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. Дереккөз: nur.kz

5
Шымкент Тоқтар Төлешов
nur.kz

“Жедел іздестіру операциясы барысында ІІД қызметкері мен арнайы жасақ 4 адамды ұстады. Тұрғылықты мекені мен жұмыс орнынан қару мен есірткі заттары және әдебиеттер табылды. Бүгінде соталды тергеу жұмыстары басталып, сараптама белгіленді”, – деп хабарлады Сәдубаев.

Еске сала кетейік, бүгін ірі бизнесменді ұстау үшін қалада күндізгі сағат 10-нан бастап сыра зауыты мен “Риксос Хадиша Шымкент” мейманханасы қоршауға алынған болатын.

Куәгерлер полицейлер мен қаруланған арнайы жасақ өкілдерін байқаған. Сонымен қатар, сол маңда Алматы және Тараз қаласының нөмірлері тағылған арнайы машиналар да жүрді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

5 пікір

  1. Қаланың бюджетінің 36 пайызын (өз сөзінен)құрайтын бизнесі бар адам қылмыс жасайды дегенге сену қиын……

Пікір қосу