Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясының атынан үміткерлер тізіміне спортшылар мен әртістердің енуіне байланысты түсініктеме берді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясының атынан үміткерлер тізіміне спортшылар мен әртістердің енуіне байланысты тілшілердің сұрағына жауап берді. Дереккөз: ҚазАқпарат

1
Дәурен Абаев

«Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары «Нұр Отанның» партиялық тізімінде спортшылар мен әртістердің болуына біртүрлі қарады. Парламентте халық сүйіктілері емес, дайындалған және тәжірибелі мамандар керек екені туралы пікір айтылды. Осы мәселеге қандай түсініктеме бересіз?» деген сұраққа ол:

«Мен желіде айтылған сөздердің көбі әзіл деп ойлаймын.  Егер біреу бұл мәселені шындап  көтерсе, онда бүкіл тізімді мұқият қарамаған болар. «Нұр Отан» партиясынан депутаттыққа үміткерлердің саны – 127 адам, соның ішінде спорт пен шоу-бизнес жұлдыздары – небәрі 6-7 адам. Олар тізімде қазақстандықтар үшін ең көп танымалдылығынан ерекшеленген шығар.

Тізімге жалпы алғанда келетін болсақ, менің ойымша, ол максималды түрде үйлестіріліп, жаңа экономикалық жағдайдағы тиімді жұмысқа бағытталған.    Онда орындардағы жұмыстың қыр-сырын білетін, әлеуметтік сала, энергетика, бизнес және өзге де салаларда жұмыстың бай тәжірибесі бар аймақтардағы партиялықтар бар.

Бұдан басқа, партиялық тізімге мемлекеттік басқарудың ең жауапты учаскелерінде қызмет атқаратын адамдар кірді», – деп жауап берді Д.Абаев Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Саламатсыздар! Қайырлы таң қазақ жұрты! Ия Елбасымыздың жарлығымен кезектен тыс сайлау науқаны өткелі жатыр, әрине АЛЛА тыныштығын берсін.. Яғни менің пікірім бойынша әнші бауырымыз Қайрат Нұртас Депутаттыққа үміткер ретінде түспекші екен, естуім бойынша …Неге түспеске!? Нағыз қазақ халқына жаны ауыратын, елдің әлеуметтік жағдайын және де жастардың яғни жас жұбайлардың жағдайын жақсы түсінетін жігіт …Қолдаймын!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!