Қайрат Нұртас, әнші: Депутат болғым келеді

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат нұртас та «Нұр отан» партиясының сайлауға ұсынған үміткерлерінің қатарына енді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Дереккөз: qamshy.kz

21
Қайрат Нұртас

«Информбюро» сайтының тілшілеріне осы туралы пікір білдірген әншінің өзі Мәжіліске өтіп жатса, қазақ тілінің мәселелерін көтеретінін айтқан.

«Мен депутат болғым келеді. Бұл үшін зор білім керек, көп оқу керек. Мен өз білімімді жетілдіріп жатырмын, ағылшын тілін үйренудемін. Егер мені депутат етіп сайлап жатса, несі айып? Мен мәдениетті дамытуға, қазақ тілінің мәселелеріне көңіл бөлген болар ем. Ауылдардың тұрғындарына көмектесер едім», – дейді әнші.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

21 пікір

  1. Осы парламентте жургендердин барлығы солай айтып депутат болған. Тилди дамытамыз, ауылды катырамыз, газ тартамыз, спортсмен шығарамыз деп. Жастары 60-70ге келді битирген көзге көрінер адам аз. Саусақпен санарлыктай. Жазындаршы кәне ким не битиргенин! ?

  2. Қайрат інім сен елге атың танылған өнер қайраткерісің депутат болу саған не үшін керек. Мен сені өте дарынды өнер иесі деп білемін. Осы өнер жолында жүре берсең болмайма.

  3. Депутаттар калктан аулдан калык жагдаиын туснетын Адамдар, саясаткерлер, занкерлер керек. Онер адамы керегы жок. Олар не туснеды.

    • Биреулер депутаттыкка усынып отырган Сайлаубегиннен жаксыгой

  4. Сізге сәттілік Қайрат, шынымен депутат болып, қазақ тілі мәселесін аяғына дейін қолға алсаңыз деймін. Қазақ тілін көтерген адамдар көп, бірақ үнемі аяқсыз қалып жатыр. Елімізде өз ана тілімізге қарағанда, орыс тілі қолданыста әлі де басым. Үмітімізді ақтайсыз деп сенемін.

  5. Депутаттар отырған арам тамақтарғо өздері сауатсыз, қазақ тілін оларда қатырып сөйлеп жүргені шамалы. Ана тілімізді xалық болып оларға үйрету керек!

  6. Тойган … олардан ел камын ойлар ештене корып турган жокпын Калтасын ойламаса. Ойлансын. Кулкылы

  7. Ит жоқта шошқа үреді қорада әркім өз ісімен айналыссын басқасы қарық қылмағанда Қайраттың қолынан не келеді оданда Мамасы барсын депудат болып Қайратты Нуртасты сүйреп жүрген сол кісіғой ел біледі

  8. Коліннан келсе мугедек жандаргада комектесиуди умітпа! Алга! Сен оте мийримди жансін Кайрат!

  9. Қайырлы таң қазағым! Қайраттың қолынан келеді… Қазағына, еліне, жас отбасыларға, үйсіз күйсіз жүрген қазағыма, жағдайы төмен жандарға көңіл бөлетін тек осы жігіт деп ойлаймын…..Жолың болсын!

  10. Әнші болды, байыды, жетімдерге көмектесіп тұрады – бірақ оны тек салықтан құтылу үшін жасайды деп ойлаймын. Мен қателесетінде шығармын. Ол енді жылы жерді іздеген сияқты. Ақшасы бар оған енді жұлынып ән айтқаннан көрі жылы орындықта отырып алып ақшаны қалтаға басуды ғана ойлайтын сияқты.- деп халық ойлайды. Бірақ ол айтқанын істеп елдің үмітін ақтауға тырысып жүргендей өзін көрсетеді ақырындап орындайды. Бірақ мемлекеттің ақшасын ақырындап қалтасына салатын болады қорқынышпен, халқым менен сезіктенбесін олардың үмітін ақтайын деп. Бір АЛЛА біледі енді.

  11. Қайрат қарапайым қазақтың қара домалақ баласы, Киелі Түркістан топырағында туылған ер жігіт емеспе, ол айтса уәдесін орындайтынына сенемін. Өйткені Түркістандықтар уәдеге берік.Қалтасын толтырса да мейлі өнерлі жастарды қолдаса болғаны. Мемлекеттің ақшасын кім жемей жатыр, көріп жүрміз гой отырып ұйықтап қалтасын толтырып жүргендерді. Сайлау алдында уәдені беріп сайланып алады да ұйқыны жалғастырады. Сондықтан кімді сайлау керектігін ойланып, қазақ халқының тағдырын патриот ұлдарға беру керек.

  12. Әніңді айтып жүре берсейші. Парламентте нең бар. Мықты экономистер, шаруашылық мамандары, мықты саясаткерлер болсын депутаттар.

Пікір қосу