Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстан түрмесіне ауыстырмауы мүмкін

Ақпан айының басында Қытайда сотталған жеті қазақстандық азамат отанына экстрадицияланады деп мәлімдеді Бас прокурордың орынбасары Йоган Меркель.

Дереккөз: nur.kz
0
Ақжарқын Тұрлыбай
nur.kz

«Біз таяу уақытта, ақпанның бірінде Қытайда сотталған тағы жеті адамды аламыз. Қытайдың келісімі бар және оларды Қазақстанға ауыстыру үшін топ құрылған. Олардың ішінде 6-ы есірткі қылмысы бойынша жазаға кесілгендер және біреуі адам өлтіргені үшін сотталған», — деді журналистерге Меркель Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталғандарды өзара беру туралы келісім қабылданған сенат отырысының сыртында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қытайда 24 қазақстандық сотталған.

«Біз қазірге дейін өзімізде өтеу үшін 5 адамды қайтардық, қазіргі күні  7 азаматты қайтару жұмыстары жүргізілуде, жалпы 12 адамды аламыз», — деп түсіндірді Меркель.

Қытайдың түрмесіне өмір бойына жабылған Ақжарқын Тұрлыбай елімізге экстрадициялануы үшін өзі прокуратураға өтініш жазуы тиіс.

«Біз Қытайдың прокуратурасымен өз бетімізше келісімге келіп, мәселені шеше алмаймыз. Егер Ақжарқын Тұрлыбай өзі өтініш білдірсе, жағдай жеңілдей түседі. Себебі, ҚХР прокурорларымен қарым-қатынасымыз жақсы, олармен жұмыс жасауда қиындық жоқ. Қазір сот үкімі күшіне енген жоқ. Қалай енеді, Ақжарқын Тұрлыбай бізге өтініш жеберісімен, дереу Қазақстанға экстрадицияламыз», — деді Меркель.

«Ақжарқын Тұрлыбай Қытай заңымен өмір бойына түрмеге жабылған. Егер, Қазақстанға әкелінсе, жазасы жеңілдейді. Бірақ, Қытай билігі оны бізге бермеуі де мүмкін. Бұл жерде екі жақты келісім болуы керек» деді ол.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу