Үкімет бюджетті қайта қарау мәселесін әлі шеше алмай отыр

Үкімет бекітіліп қойған бюджетті қайта қарауға қатысты шешім қабылдай алмай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Дереккөз: ktk.kz
1
ақша есептеу
kapital.kz

Басты қаржылық құжатқа өзгерту енгізу жайы әлі күн тәртібінде тұр. Өйткені, ел қазынасын 40 доллармен есептеп қойған. Ал қазір мұнай бағасы 30-дың айналасында. Мұндай жағдайда шенеуніктерге ғана емес, заң шығару органы да ширақ қимылдауы тиіс. Қазір елімізде бұл іске тек сенат жауапты.

Парламент сайлауына дайындық қыза бастағанда, сенат жападан жалғыз елге маңызды заң жобаларының тағдырын шешіп жатыр. Жоғары палата мәжілістей емес, министрлерге тым жұмсақ сияқты. Сенаторлар шенеуніктерді көп мазалаған жоқ. Оларға қарағанда бюджет қаржысына жауаптыларды журналистер орта жолдан тоқтатып сұрақтың астына алды.

«Қазынаға қатысты жағдай әлі түсініксіз болып тұр. Экономика тек мұнай бағасына тәуелді емес. Сондықтан бюджетті тағы нақтылау үшін біраз ақылдасу керек. Осыдан кейін ғана бір тоқтамға келеміз», — дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрлер кабинетінің мазасыздануы бекер емес. Себебі 3 жылдық бюджет мұнайдың баррелі 40 доллармен есептеліп бекітіліп қойған. Ал қазір қара алтынның құны 34 доллардың шамасында. Қазақстан қазынасын қазбалы байлықтардан түскен пайдамен жауып отырғанын ескерсек, жағдайдың күрт өзгеруі тиімді емес. Десек те, үкімет ауыртпалықты әзірше көтеріп отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу