Геннадий Головкин Астанаға келді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Астанаға ат басын бұрды. 29 қаңтар күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде. Дереккөз: Массагет

5
Геннадий Головкин

Ел абыройын халықаралық аренада асқақтатып жүрген боксшыны Астана жұртшылығы құшақ жая қарсы алды. GGG ұлттық тағамдардан дәм татып, жиналған жанкүйерлерге алғысын айтты. Боксшы ертең «Цеснабанктың» бас кеңсесінде баспасөз мәслихатына қатысады.

– Баспасөз мәслихатына Геннадий Головкин «Цеснабанктың» әлеуметтік және қаржылық жобасының белді мүшесі ретінде қатысады. Алдағы уақытта  «Цеснабанк» АҚ пен Халықаралық «MasterCard» төлем жүйесінде қазақстандық боксшының суреті мен қолы қойылған банк карточкалары шығады. Кез келген жанкүйер сүйікті боксшысының бейнесі салынған банк карточкаларын ала алады, – деп жазады today.kz.

29 қаңтар күні Геннадий Головкин Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді. Тілшілермен өтетін кездесуде боксшы «Samsung Electronics» компаниясымен арадағы ынтымақтастық келісім туралы айта кететін болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

5 пікір

Пікір қосу