Бауыржан Ибрагимов кешірім сұрады (видео)

Әлеуметтік желіде Бауыржан Ибрагимовтың балағаттаған қыздан кешірім сұраған видеосы пайда болды, — деп хабарлайды Baistars.kz. Дереккөз: Baistars.kz

1

Видеода қонақүй әкімшілігінің өкілі бірінші болып Бауыржан Ибрагимовтен қолайсыздық тудырғандары үшін кешірім сұрайды. Бұдан кейін әртіс оны видеоға түсіріп алған жігіт жайлы сөз қозғап, оған қандай шара қолданатындары жайлы білмек болады. Бұған қонақүй әкімшілігінің өкілі оған қатысты шараларды қолданатындарын айтқан соң, әртіс: «Бұл жігітті жұмыстан шығарамыз, сотқа беруіңізге де болады деді маған. Бірақ мен олай істемеймін. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды дейді қазақ. Баланың обалына қалмай-ақ қояйын» — дейді Бауыржан Ибрагимов.

Және де әртіс мұнда тек қана қызмет көрсетуші қыздан кешірім сұрауға келгенін айтады. «Мен сол күні бір-екі ауыз сөз артық айтып жіберіппін. Мен алдын-ала берген броньымды жоққа шығардың. Келген қонақтарымның алдында ұятты болдым. Сондықтан біраз ашуланғаным рас. Айып етпе» — деп, алып келген гүлін қызға ұсынып, бетінен сүйеді.

Содан кейін өзін видеоға түсірген жігіттің қолын алып: Бұдан былай мұндай әрекетке бармауын, сырттан видеоға түсіру дұрыс емес екендігін айтады.

Естеріңізде болса, бір күн бұрын Бауыржан Ибрагимов көрсетілген қызметке көңілі толмай, қонақүй қызметкерін боқауыз сөздермен балағаттап жатқан видеосыәлеуметтік желіде пайда болған еді. Көпшілік әртістің бұл әрекетін сөккенімен, бұл жағдайдың әркімнің басында болатынын айтқандар да табылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу