Қарызы бар азаматтар енді шетелге оңай шыға алатын болды

Енді 40 мың теңгеден астам қарызы бар азаматтар ел аумағынан шыға алмайды. Осылайша жаңа жылдан бастап борышкерлерге сәл жеңілдік жасалып отыр.

Дереккөз: ktk.kz
0
қарыз ақша есептеу

Себебі бұған дейін қарызы отыз мың теңгені құрайтын азаматтарға шекарадан шығуға тыйым салынған еді. Сондықтан қара тізімге іліккендер дәл сапар алдында жолынан қалып, жоспарланған демалыстарынан қағылғаны есте. Енді мұндай түсінбестіктер болмайды дейді мамандар. Өйткені бұдан былай кез-келген азамат өзінің қара тізімде бар-жоғын оңай біле алады екен. Ол үшін Әділет министрлігінің сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін терсе болғаны.

“Бұрын дер кезінде хабарландыру алмаған азаматтар шекарадан шыға алмай, дау тудырған кездер көп кездесетін. Енді қарызы бар-жоғын арнайы сайт арқылы анықтауға болады. Мұндағы мәліметтер күн сайын жаңарып отырады. Тек жеке куәлігіңіз болса жеткілікті”, – дейді Алматы қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көкебаева.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу