Елімізде ескі көліктерге салық төлеуді міндеттейтін қаулы күшіне енді

Шетелдік көлік мінгендер тығырыққа тірелді. Пайдалану мерзіміне қатысты шыққан жаңа қаулыға сай, ертеңнен бастап сыртан әкелінетін көліктер үшін салық еселеп көбеймек. Сарапшылардың айтуынша, енді темір тұлпардың бағасы қымбаттайды.

Дереккөз: ktk.kz
0
ескі көлік

Шекара асып шетелден жеңіл, жүк көліктерін сатып әкелгендердің салығы 300 мың теңгеден басталып 2 миллионға дейін барады. Ал темір тұлпар Қазақстаннан алынса, утилизацияға ақшаны жүргізуші емес, отандық зауыт төлеуі тиіс. Дау тудырған жаңа қаулыны Энергетика министрлігі экологияны ойлаған соң барып отыр екен. Себебі елде 2 жарым миллионнан астам ескі көлік тіркелген. Бір қызығы, Қазақстанда утилизация жасайтын бірде-бір зауыт жоқ. Тек кейбір облыстарда көне көліктерді бөлшектейді. Онда да доңғалақ пен аккумуляторды ауыстырумен шектеліп жүр. Енді шенеуніктер утилизациямен ортақ оператор айналысады дейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу