Шымкентте кәсіпкер жұма сайын тегін нан таратады

Шымкенттегі дүкендердің бірінде жұма сайын тегін нан таратылады. Еркін Ахметовтың «Мехруз» атты азық-түлік дүкені аса үлкен емес. Мұнда бір залда азық-түлік тауарлары мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар сыйып тұр. Бір қарағанда өзге дүкендерден ерекшелігі жоқ. Дереккөз: Отырар

11
Шымкент тегін нан
otyrar.kz

Дегенмен, әр аптаның жұмасы күні мұнда осы ауданның түкпір-түкпірінен адамдар келеді. Себебі, бұл күні таңертеңнен кешке дейін осы дүкеннен тегін нан алуға болады.

Кәсіпкердің айтуынша, акция басталғаннан тегінге құмартқандар күрт көбейіпті. Сол үшін бір адамға екі бөлкеден артық бермеуді шешіпті. Әйтпесе, он, тіпті, жиырма нан алғысы келетіндер болған екен. Алайда, сиыры мен итіне нан бергісі келгендер сатып алсын, ал мұқтаждарға тегін нан жетсін» деп шешім қабылдайды дүкен иесі.Дүкен иесі бұл қайырымдылығын 1 қаңтардан бастаған. Себебін ашып айтқысы келмегендей. «Біз тауып отырған табысымыздың бір бөлігін осындай қайырымдылыққа жұмсауды шештік» дейді Еркін. — Ал жұманы таңдаған себебіміз, бұл күн — мұсылмандар үшін қасиетті күн. Бірақ, біз адамдарды дініне қарап бөлмейміз. Жұма күні кім келсе де тегін нан алып кетеді.»

— Бүгінде жағдай біраз қалыпқа келді, — дейді дүкен иесі. — Біз өз клиенттерімізді танып қалды. Дегенмен, аздап бұрын көрмеген адамдар да келіп тұрады. Халық арасындағы әңгіме жатпайды ғой. Таңертеңгі 9-дан кешкі 9-ға дейін 300-400 бөлке нан таратамыз.»

Бір қызығы, жұма күні дүкенге келгендердің барлығы бірдей тегін нан алып кетпейді екен. Өзін көмекке мұқтажбын деп есептемейтіндер бөлке нан үшін 40 теңге төлеп кетеді.

тегін нан
otyrar.kz

Айта кету керек, дүкенімізде жеке наубайханамыз жоқ дейді иесі. Нанды көтерме бағада жеткізетіндерден 35 теңгеден сатып алады. Дүкен иесінің айтуынша, биліктің нан бағасын ұстап тұрудан бас тартқанынан қарамастан әзірге ас атасының бағасы қымбаттамапты.

Қазіргі таңда «Тегін нан» акциясына қаладағы бірнеше мекеме де өз үлесін қосуды ұйғарып отыр. Жергілікті фирмалардың бірі де аптаның бір күнін таңдап, сатушыларын тегін маймен қуантпақ екен. Қазір дүкен иелері сауда өкілдерімен келісуде.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

11 пікір

  1. Алла сізді жаннаттан етсін жане барімізге де жаннат жугыстты болгай. Алла разы болсын

  2. АЛЛА екі дүниенің жақсылығын берсін бұл азаматқа! Лайым осындай азаматтарымыз көп болсын.істеріне береке берсін!кең болсаң-кем болмайсын деген бабаларымыз.

  3. Биздин жогарыдагы мыктылар тура осы азаматтай болса казак халкы ен бакытты халкы болар еди атен бирак ондай басшы жок казакта. Кен болсан кем болмайсын деген жасайсын исин он болсын.

  4. Сауд Арабиясында дүкендерде “Нан сатып алуға ақшасы жоқтар тегін алаберсін” деп жазып қояды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!