Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі шақырады

Алматы қаласының Наурызбай ауданы, «Қалқаман-2» ықшамауданы, Елібаев көшесі, 2-үйде орналасқан химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі Алматы қаласы мен өзге облыс, аймақтардағы оқу үлгерімі үздік, білім деңгейі жоғары, дарынды балаларды мектепке қабылдану үшін байқауға қатысуға шақырады.

0
Назарбаев зияткерлік мектебі Алматы
bazis.kz

Өткен аптада Алматыда журналистер қауымымен кездескен Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Үсіпбаева Балжан Түргенбекқызы БАҚ өкілдеріне өзі қызмет ететін оқу орны туралы кеңінен мағлұмат бере келе, «Біздің басты мақсатымыз – барлық мүмкіндік жасалған зияткерлік мектепке дарынды оқушыларды көптеп тарту. Шалғай аудандар мен облыстарда небір дарынды да талантты балалар баршылық. Солар біздің мектептің мүмкіндігін пайдаланса дейміз. Байқауға қатысуға өтініш білдіру мерзімі 2016 жылдың 6 ақпанында аяқталады. Уақыт өте аз қалды, балалар мен олардың ата-аналары тезірек қимылдаса екен», – деді.

Оның айтуынша, Алматы қаласында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінде тек қаладан емес, еліміздің өзге аймақтарынан да дарынды балалар оқып жатыр екен. Сондықтан өзге облыстарда тұратын сабақ үлгерімі үздік барлық бала бақ сынауға қақылы. Арнайы сынақтан өткен балаларға оқу киімі, спорт киімі тегін беріледі, жатақханамен, тәулігіне 5 рет тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Білімге құштар жастар жастар үшін мектеп қабырғасынан түрлі үйірмелер ашылған. Ең бастысы, заманауи технологиялармен жабдықталған аудиторияларда оқушылардың өздерін қызықтыратын ғылыми жобалармен айналысуға да мүмкіндіктері бар.

Сынақ тапсырғысы келетін оқушылар байқауға қатысуға өтініш жазады, анкета толтырады, 086 үлгісіндегі медициналық анықтама, мектептегі оқу үлгерімі туралы табельдің көшірмесі, тұратын жері туралы анықтама, 2 дана 3Х4 суретін тапсыруы тиіс. Аталған құжаттардың барлығы да құзырлы органдардың мөрі және қолымен болуы шарт. Ескеретін жайт, 7-11 (12) сыныптарды бітірген оқушылар бір сыныпқа екінші рет сынақ тапсыра алмайды. Назарбаев зияткерлік мектебіне түсуге құжат тапсыру 2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап, 2016 жылдың 6 ақпанына дейін созылады. 12 наурызда пәндік сынақ өткізіледі, 13 наурызда қабілеттілікті тексеретін сынақ болады. Ал байқау қорытындысы 22 сәуірде жарияланады.

Нәзия Жоямергенқызы

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу