«Астана» ФК жартылай қорғаушысы Фокси Түркияның футбол клубына ауысты

«Астана» футбол клубында жартылай қорғаушы болып ойнаған Фокси Кетевоама Түркияның «Газиантеп ББ» футбол клубына ауысты. Бұл туралы «Sports.kz» порталына сілтеме жасай отырып, «Астана» футбол клубының ресми парақшасы хабарлады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Астана Фокси
today.kz

«Қазақстан Премьер-Лигасының соңғы маусымдарындағы ең талантты футболшылардың бірі, «Астана» футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фокси Кетевоама Түркия чемпионаттарының бірімен 1,5 жылға арналған келісімшартқа қол қойды.

«Түркия тарапынан айтылған ұсыныс маған өте қызықты көрінді. Сондықтан, осындай шешім қабылдадым. «Газиантеп ББ» командасын Түркия чемпионатының жоғарғы лигасына шығара аламын деген үмітім бар. Мен команданың жаттықтырушысымен, клуб басшылығымен сөйлестім, клуб мені қатты қызықтырды», — деген Фокси өз сұхбатында.

«Ал, «Астана» футбол клубында жүргенде ойнаған кездесулердің қайсысын ешқашан ұмытпайсың?» деген сұраққа Фокси: «Расын айтсам, қатты әсер алған ойындар өте көп. Дегенмен, алдыңғы маусымдардың бірінде «Қайрат»-ты 5:1 есебімен жеңген өз алаңымыздағы ойыннан қатты әсер алғанмын. Ал, УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойындардың жөні мүлде бөлек. Міне, сол ойындардың әрқайсысын өмір бойы есіме аламын. Бүкіл Қазақстан «Астана-Аренаға» жиналып, біздің команда үшін жанкүйер болған сәттерді ұмытпаймын», — деп жауап берген.

«Мен Қазақстанда бақытты күндерді бастан кешірдім, — дейді футболшы: Жүрегімнің жартысы Астанада қалды десем де болады. Барлық әріптестеріме алғысым шексіз», — деген өз сөзінде Фокси.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу