Қазақстанда таяу күндері боран болып, күшті жел тұрады – Қазгидромет

Республиканың басым бөлігінде қалың қар түсіп, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлады 28-30 қаңтардағы ауа райын болжай отырып «Қазгидромет» РМК. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
боран

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында циклонның өтуімен және атмосфералық ағындарға байланысты қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Жолдың көрінуі 500 метрге дейін нашарлайды, жел 15-20, екпіні 25-28 м/с-ға жетеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылбысқы қар жауып, тұман түседі, көктайғақ орын алып, температура төмендейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!