Қостанайлық жігіт қоғамдық көлікте қарт кісіні өлімнен аман алып қалды

Сарыкөл-Қостанай бағытындағы қоғамдық көлікте жолаушы жігіт қарт кісінің өмірін аман алып қалды. Бұл туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің қолданушысы Алексей Марков «Типичный Костанай» паблигінде жариялаған. Дереккөз: Қостанай таңы

0
Қоғамдық көлік
kostanaytany.kz

Автобус ішінде кейуананың жүрегі сыр беріп, талып қалған. Қасындағы кішкене қызы қорыққанынан айғайлап жіберген. Жүргізушінің дәрі-дәрмек қобдишасында тек дәкеден басқа керек-жарақ болмаған. Сол мезетте жолаушылардың ішінен белгісіз бір азамат көмекке ұмтылады. Ол әйелдің аяқ-қолын уқалап, жасанды тыныс алдырған.

Көпшіліктің көзінше бір адамның тағдырын аман алып қалды.  Артынша ол азаматтың есімі Владимир Ермаков, сонымен қатар, әскери қызметкер екені белгілі болған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!