Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова депутаттыққа түспек

Шығыс Қазақстанда сайлау учаскелерінің аумақтары белгіленді. Олардың саны облыс бойынша 1 мыңнан астам. Бұл туралы сайлау комиссиясының аймақтағы өкілдері хабарлады, деп жазады astanatv.kz.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Ольга Рыпакова

Саяси науқанға түсетін депутаттар құрамы да анық болды. Мәселен, облыс мәслихатына 43 мандат, қалалыққа — 73, ал  аудандық мәслихатқа 205 депутат сайлануы тиіс. Халық қалаулысы болғысы келетін үміткерлер арасында олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар.

Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпакова үшін басты жарыс — Рио-де-Жанейрода өтетін жарыс. Спорт саңлағы байрақты бәсекеге барын салып дайындалып жатыр. Ал облыстық мәслихатқа үміткер ретінде ұсынылғанын естігенде, сәл қобалжығанын жасырмайды. «Әріптестерімнің де пікірі әртүрлі болды», — дейді Олимпиада чемпионы.

«Біреулер «депутаттықтың не керегі бар, сен спорт адамы емессің бе, саясаттан не түсінесің?» деді. Ал кейбіреулері, маған сенім артып, «келешегің үшін жақсы қадам жасап жатырсың» дегенді айтты, — дейді Ольга Рыпакова.

Шығыс Қазақстанда Олимпиада чемпионы қоғамның белсенді мүшесі ретінде танымал. Ол еңбек ұжымдары мен жас буын өкілдерімен жиі кездесулер өткізіп тұрады. Тіпті, Ольга — өзінің табандылығы мен төзімділігінің арқасында Өскемендегі жеңіл атлетика манежінің құрылысын алғашқы сәттен бақылауға алғандардың бірі. «Дәл осындай, белсенді, ойлы жастар облыстық мәслихаттың құрамында болу қажет», — дейді бірнеше шақырылымның депутаты  Майраш Екібасова.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу