Нұржан Төлендиевке тамадалықтан бұрын, театрға көбірек көңіл бөлу ұсынылды

Нұржан Төлендиевке тамадалықтан бұрын, театрға көбірек көңіл бөлу ұсынылды, — деп жазады Baistars.kz. Бұл мәселеге «Дала мен қала» басылымы білдей бір мақала арнапты. Дереккөз: baistars.kz

1
Нұржан Төлендиев

«Жұрт Нұржан сахнаға шықса қол соғады. Оны жақсы көреді. Жақсы көретіндіктен сөйтеді. Ол тума талант. Бірақ, айтайық дегеніміз бұл емес…» — деп бастайды автор мақаласын. «Бүгінгі заманның «геройы» әртістер. Сондықтан маңдайға басқан «геройымыздың» өзін-өзі жетілдіріп, биік белестерді бағындыруы тиіс-ақ. Нұржан өнер өлкесіне қазығын тереңірек қағып, қалың қазақтың мақтанышына айналғанын қалаймыз» — деп жалғайды сөзін.

Автор бүгінде талант иелерінің тамада, саясаткер, молда-қожа сияқты жолдарды таңдап кетіп жатқанына қынжылады. Оның айтуынша, қазақ әзілінің еңсесін биік ұстап жүргендер тек «Шаншар» мен «Алдараспан» театрлары. Көше приколардын сахнаға қарабайыр күйінде шығарып, ешқашан қорлаған емес. Нұржан өзіне қажетті материалды халықтың ортасынан, яғни шынайы өмірден алып отырады.

tuka1912

Мақала авторы қазіргі таңда Нұржанның актерлік көрегенділігі мен шеберлігіне жететіндер кемде кем екенін, алайда актер тамадалық қырынан әрі аса алмай жүргеніне қынжылатынын жеткізген. Той деп жүріп, өзін жетілдіруге, өнерін шыңдауға уақыт табылмайтынына сенімді. «Той жағалау әншілерге жарасқанымен, актерлердің ісі емес. Актер интеллектуалдық күш-жігерді қажетсінетін мамандық. Кез келген актер өзін шыңдап, білімін жетілдіруі керек. Олар сахнада көрермендерге нұр шашып тұруы тиіс» — дейді автор.

Осылайша Нұржан Төлендиевке: «Құдай берген өнерін сақтап қалғысы келсе, тамадалықты тастап, өнерін дамытуға күш салуы керек-ақ» — деп кеңес береді.

Мұндай «ақылды» кез келген әртіске қаратып айтуға болатынымен, солардың бәрі Нұржандай көпшіліктің ықыласына бөленген емес екендігін айтады. «Халық Нұржанның асабалығын емес, актерлік шеберлігін жыр қылып әңгімелейді. Әңгіме басында «өнер құрбандықты қажет етеді» деген үлкендердің сөзін бекер айтқан жоқпыз. Дәл қазір Нұржан Төлендиев өнері үшін асабалығын құрбандыққа шалуы тиіс» — деп аяқтады сөзін автор.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Нұржан Төлендиев жайлы Монголялық қазақ блогердің жазбасы ғаламторда біраз шу болды.Нұржан жайлы шеттегі қазақ айтпаса біздің мерсидер жазбас та еді?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!