Алматы автобустарын қылмыстық топтар уысында ұстап келген

"Оңай" жүйесі енгізілмей тұрған кезде, Алматының жолаушылар тасымалы саласында қылмыстық топтар ақша жинап тұрған. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Алматы автобус қоғамдық көлік

«Оңай» жүйесіне келетін болсақ, неліктен бізге ашықтық қажет болды?! Компаниялар, жүргізушілер келісіп отыр. Онда тіпті қылмыстық топтар да бар. Олар, белгілі болғанындай, ақша жинап отырған. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Ашықтық жоқ жерде жемқорлық дамиды. Елбасы айтқандай, жемқорлыққа біз қатаң шаралар жасауымыз қажет және Алматы қаласы осы мәселеде үлгі көрсетуі тиіс. Себебі Алматы дамуының бір ғана резерві ол 5 институционалды реформаны жүзеге асыру. Егер біз сол 8 заңды енгізетін болсақ, жергілікті мемлекеттік органдар керек емес анықтама қағаздарын ойлап табуды доғарып, проблема шығарып, оны шешумен айналыспайтын болады. Сол кезде барлығы жақсы болады деп санаймын», — деді ол.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу