Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына өз баламасын әзірледі

«Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ 2022 жылға дейін банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша «Өз үйім» дағдарысқа қарсы бағдарламасын әзірледі. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бағдарлама үш бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) өзара іс-қимыл, мемлекеттік-жеке әріптестік және екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық.

Қазіргі сәтте ЖАО-мен, екінші деңгейлі банктермен, құрылысшылармен келіссөздер жүргізілуде.

«Өз үйім» бағдарламасының негізгі артықшылығы – Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін толық басымдық, шаршы метріне төмен баға, валюталық бағамға тәуелді болмау, үй сатып алуда ерекше жағдайлардың болмауы.

Бағдарламаға кез келген банк клиенті қатыса алады. Алайда бірінші кезекте үй сатып алуға құқықты меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ салымшылар ала алады.

Мұның 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасынан айырмашылығы – соңғы екі жылда Алматы және Астана қалаларында тіркелу талабы болмайды.

Бүгінде бағдарлама аясында орташа баға шаршы метріне 180 мың теңгені құрайды. Жылдық проценттік мөлшерлеме – 5-тен 10 пайызға дейін. 2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша 350 мың шаршы метр құрылыс көлемі пысықталады. «Өз үйім»  бағдарламасы аясында 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Банктің дағдарысқа қарсы бағдарламасы 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қосымша болады. Банк салымшылары қолжетімді бағамен үй сатып алудың баламалы мүмкіндігін алады. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі салымшылардың ашық дауыс беру арқылы тұрғын үй құрылысшылары мен жобаны таңдауын қамтиды. Бағдарламаны қаржыландыру банктің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыттары бойынша 2020 жылға дейін Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 459 мың шаршы метрге келісім іске асырылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында тіркеледі. Өңірлерде белгіленген баға шаршы метрі 90-110 мың теңге, Астана мен Алматы қалаларында шаршы метріне 143 мың теңге.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!