Он алты жастағы қыз діндар жігітке тұрмысқа шыққан

Ақтөбеде он алты жастағы қыз діндар жігітке тұрмысқа шыққан. Жалпы мамандардың айтуынша, өңірде  кәмелетке толмаған қыздармен заңды құжатсыз, діни некеге тұрып алып, артынша "талақ" айтып тастап кету оқиғалары күрт көбейген.

Дереккөз: 31.kz
1
дін жас қыз
Көрнекі сурет ©islam.ru

Көп ретте жасөспірімдер өздерінен үлкен адамдармен әлеуметтік желі арқылы танысады екен. Артынша олардың арбауына түсіп, тұрмысқа шығуға дейін  барады.  Өткен жылы  кәмелетке толмаған қыздардың ерте ересек өмірге араласуының 33 айғағы, биылдың өзінде төрт дерек  анықталған.

ИНДИРА СЕЙІТҚАСЫМОВА, Ақтөбе облыстық прокуратурасының аға прокуроры:

— Шалқар қаласында осындай жағдай анықталды. Екі жақ татуласу арқылы кәмелетке толмаған жанның құқығына қол сұғушылық 122  бап бойынша жасалған, яғни жасөспірім қыз өз еркімен барған ондай жыныстық қарым -қатынасқа. Тараптар татуласқандықтан қылмыстық іс қысқартылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу