Роза Әлқожаның әнін ұрлауға қатысты дау шықты

Жуырда әлеуметтік желіде ән ұрлауға қатысты тағы да дау шықты. Ондағы бас кейіпкердің рөлінде өнер бәйгесіне кеше ғана қосылған «Әдемі-ай» тобы. Бұл топ мүшелері беттері шірімкпестен белгілі сазгер, әнші Роза Әлқожаның төл туындысы «Сағыныш» әнін өздерінің төл туындысы етіп көрсетіп, көпшілік назарына аудио нұсқасын ұсынғаны сол-ақ екен талғамы жоғары тыңдарман сынының астында қалды. Әңгіменің әлқисасы мында: онда «Әдемі-ай» тобының қыздары «Сағыныш» әнінің авторы ретінде Жеңіс Паримбеков деп көрсеткенімен, ал сөзін еш өзгертпестен қалдырыпты. Әрине кез келген әнші орындауындағы әннің танымал болғанын қалайды. Бұл – заңды құбылыс. Алайда танымалдықты ойлап ардан аттамаған абзал. Егер әншілер арасында белгілі бір келісім болса, онда әңгіме басқа.

Дереккөз: alashainasy.kz
0
Роза Әлқожа

Топ мүшелерінің айтуынша, олар бұл әннің Роза Әлқожаға тікелей қатысы бар екенін біле тұра, өнерге еш қатысы жоқ тараздық Жеңіс Паримбековке жаңа нұсқасын жаздыруға тапсырыс берген екен. «Роза әпкенің әнінен хабарым болды. Ол жөнінде мен сазгерге алдын ала айтқан болатынмын. Жеңіс мырза осы әнге ұқсатып өз нұсқасын жібірді. Ал біз оны қабыл алдық. Шындығында ол кісінің өнерге еш қатысы жоқ»,- деп әлеуметтік желі арқылы ақталғандай болды. 

Осы дауға қатысты жауап қатқан Роза Әлқожа: «Ақынның сөзіне бәрі ән жаза береді ғой. Алайда әнді абайлап ұрлаған жөн болар. Елдің қызығушылығын тудырмаймын деп мен сол даудан қашып едім. Бірақ жағдай ушыққаннан кейін араласуыма тура келді. Бір дуэт менің дәл осы әніме ұқсатып əн жаздырыпты. Елде ұят деген қалмады. Əн ұнаса сұрамай ма?! Берер едік қой. Ыңырсыған əн-сымақты көбейтпей!. Араларында әнді сәл созып ән қыла беретін болған. Соған қарағанда бұл топқа пиар ауадай қажет болғаны көрініп-ақ тұр. Мұнда Шерхан Мұратұлы бауырыма обал болды. Себебі ол бұл әнге 3 жыл бұрын клип те түсіргені белгілі. Негізінен мен ол әннің оранжировкасына да, орындалуына да араласқанмын»,- деп назын білдірді.

Мынау Роза Әлқожаның нұсқасы:

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу