Баян Есентаева Ринат Заитовтың сынына қалған топты қорғап шықты

Танымал продюсер Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасында «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделханның бастамасымен құрылған «Ninety One» тобын қолдайтынын жазды, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Дереккөз: baistars.kz
28
Баян Есентаева
comode.kz

«Бәсекелестерді сыйлау керек, әсіресе олар соған лайықты болса!!! Бәсекелесіңді сыйла, оның жетістіктерін мойында, және әрі қарай өркендей түс!!! Олар сондай жас, сымбатты және дарынды!!! Олар өзгеше, сонысымен тартымды!» — деп жазды продюсер парақшасына.

Айта кетейік, күні кеше Ринат Заитов «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында «Орда» тобының солисі Ерболат Беделхан құрған «Ninety One» тобын сынаған болатын. «Оларды теледидардан көрсетіп отырған адам да — қылмыскер, оларды шығарып отырған адам да — қылмыскер, оларға ән жазып отырғандар да — қылмыскер. Олардың өздері де үлкен қылмыскерлер!» — деп қадап айтты айтыскер.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

28 пікір

  1. Ринат Зайтов айтыста айтқаны

    Айтыскерлерден не пайда,
    Шындықты айтпай тоқтаса,
    Бәдікті өлең қылам деп,
    Әрнені мылжып оттаса.
    Көрермендерден не пайда,
    Шабыттың шамын жақпаса,
    Ақыны сөйлеп жатқанда,
    Қиқулап қолын соқпаса.
    Кең байтақ жерден не пайда,
    Оны да біреу жауласа.
    Баспанасы жоқ қазағым,
    Бір үйін өзі салмаса.
    Атамекеннен не пайда,
    Келімсек келіп жалмаса,
    Шетелден келген қандасың,
    Азамат бола алмаса.
    Байқоңырыңнан не пайда,
    Тізгінін Ресей ұстаса,
    Он бес жыл бойы бір қазақ,
    Ғарышқа қарай ұшпаса.
    Депутаттардан не пайда,
    Көңлінен жұрттың шықпаса,
    Парламентке барып ап,
    Қорылдап тұрып ұйықтаса.
    Парламентіңнен не пайда,
    Елім деп ерің сыймаса,
    Бекболат. Мұхтар, Тоқтарға,
    Үш орындығын қимаса.
    Әкімдеріңнен не пайда,
    Қарындары бір тоймаса.
    Тендрден тиын жымқырып,
    Баюды ғана ойласа.
    Патша болғанан не пайда,
    Жанына жемқор жинаса,
    Қыз, күйеу, құда баланың,
    Басбұзарлығын тимаса.
    Телеарналардан не пайда,
    Қазақша хабар бермесе,
    Тым болмаса айтысын,
    Қызықтап жұртым көрмесе.
    Айтыстан мынау не пайда,
    Разы боп халқым қайтпаса.
    Біздерден мынау не пайда,
    Шыңғыртып шындық айтпаса.
    (с) Ринат Зайпов

    • Ринат балам,көкіректі қарс айыратын,өзекті өртейтін шындықты айтып отырсың! Елдің мұң-мұқтажын ішінара білетін Бекболат Тілеуханды бағаламағандары көңілді қынжылтады.Мұқтар мен Тоқтардай азаматтарымыз емес пе қазақи құндылықтар үшін жан күйдіретін. Бекболаттың əрбір айтқан сөзі «мен қазақпын» санайтындардың өзекті күйдірер мəселелері емес пе? Неге оларды шеттетеді? Елім-жұртым дейтін азаматтарымызға күн жоқ! Не деген заман болды. Райхан Ажбанова.

    • ???????????????????? Керемет Ринат сыкылды азаматтарымыз коп болса екен ширкын.

  2. Мен де Ринат бауырымызды қолдаймын. Айтқаны орынды, тоқсан сөздің тобықтай түйінін дөп басып тұрып айтты. Ал ащы да болса шындықты айтқан адамды кім ұнатсын. . . . айтқанның аузы жаманның кері ғой бұл

  3. Баян өз бағытындағы әншілерді қолдап отыр, ал бұның қажеті не? ұлттық құндылықтан айырылып, шетелге еліктегенде не пайда тапты, мынандай топтың бар екенін білмейді екем, Ринат ағамның сөзін жалғар болсам» Бұл топтың тыңдарманы да _ қылмыскер, қолдап отырған Баянда үлкен қылмыскер» , қыз тәрбиелеп отырып кеудесін ашып жүрген Баянда ұнамайды маған, бірақ бізге ұнауға міндетті емес екені рас, деседе өз қазағың болған соң Ақан сері, Біржан, Сара, Әсетті сағынатының шын…

  4. Ринат қашан да ащы шындықты айтатын,елім деп елеңдейтін нағыз ұлтжанды азамат. Жарайсың Ринат ! Жасың ұзақ болсын! Өзіңе Алла жар болсын!

  5. Бизге сондай Ринат ага сиякты шындыкты тарс етип жарып айтатын адам керек. Ондай адам 1000нан 1 гана.

  6. Өте орынды айтқан Ринат. Кайдагы жоқ не жігіт емес не катын емес біреулерді әнші әйгілі етіп көрсету қазақ ұлтымызға ұят.ұрпаққа қатер. Оны мынадай Баян сымақ жагымпаз акымақтар қолдап қолпаштайтыны маскара нәрсе…

  7. Дугаловасында шатагым жоқ.танымаймында. Көрмедім қазақ сахынасынан мықтылыгын. Бірақ мынадай құлағына сырға тағып айелше киінген біреулерді қолдаған ұят-ақ. Баянның өзін»Махаббат аялдамасы»фильмінен ғана тани аламын. Қазіргі мынадайларды қолдап жүрген Баян, жасанды,жағымпаз, еркөкірек екені ащы да болса шындық. Ренжіменіз…

  8. Айтады айтады ия айтады,тагы да айтады. Баримиз айтуга мастермиз. Айтканша мыкты болса, истемей ме. Ринаттын озинин шакирттери кайда? Екиншиден, тындаймыз, тындауга кумармыз, асиресе сынаган- кынаганды бирак одан натиже кайсы???? Ай казак тар- ай, даурыкпа дауды кайтемиз, ис кайда ис???

  9. Ондай адам 16 млн. казактын ишинде 3 ак. Мухтар Шаханов, Бекболат Тiлеуханов, Ринат Заитов Ал бизге жанашыр Ел басымыз Нурсултан Абишулы Назарбаев.

  10. Баян Апай койлегимен шашын жарнамалауга шыққан. Содан басқа ким шыгат оларды жақтап! Неде болса бир шықтыңыз. Енді отырыңыз қарап ким не жазады екен деп.

  11. Баянның неге олай жасайтыны түсінікті. Жаңағы топпен илеп жүргені бір терінің пұшпағы емес пе?! Баян солай депті деп құлай кетейік па))). Əншіден гөрі қазаққа дəл қазір аяулы ақын керек.

Пікір қосу