ОҚО балабақша меңгерушісі жағдайы төмен отбасының балаларын тегін тәрбиелеуде

Отырар ауданында 8 бүлдіршін балабақшада тегін тәрбиеленіп жатыр. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан кішкентайлар демеушілер есебінен тегін тамақтанады. Жаңа бастамаға мұрындық болған бақша меңгерушісі осылайша тіршілігі тұралаған ауылға қолғабыс жасағысы келгенін айтады. Дереккөз: Отырар

1
Балабақша

Тақылдап тақпақ айтатын 4 жасар Лашынның сурет салуға да қабылеті бар. Ыдыс-аяқ, ас үй жабдықтарымен ойнауға да уақыт табады. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан бүлдіршін бір айдан бері бақшада тегін тәрбиеленуде.

Осыдан алты жыл бұрын 50 орынға шақталып салынған балабақшада бүгінде 75 бала бар. Ауылдағы жалғыз мектепке дейінгі нысанда 8 бүлдіршін қазір тегін тәрбиеленіп жатыр. Бүлдіршіндердің дұрыс дамып-жетілуін бақылайтын 7 тәрбиеші жұмыс істейді. Шағын орталықта балаларға бар жағдай жасалған.

Өндірістен кенде қалған Ақтөбедегі жұртшылықтың дені егіншілікпен айналысады. Тұрмысы төмен ауылдықтардың арасында балаларын балабақша беруге жағдайы келе бермейтіндері баршылық. Сондықтан жерден несібесін ажыратып отырған ағайынға бала тәрбиесімен айналысатын орталықтар ауадай қажет.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Молодец! Вот у кого надо учиться человечности,милосердию! Небось у самой зар плата маленькая..но какое большое,доброе сердце! Респект!!!

Пікір қосу