Жамбыл облысында апатқа ұшыраған МИ-2 ұшқышы көмек шақыру үшін 5 шақырым жаяу жүрген

МИ-2 тікұшағынан құлаған ұшқыш Валерий Михин көмек шақыру үшін бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған. Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

0
МИ-2 ұшқыш аурухана

МИ-2 тікұшағынан құлаған ұшқыш Валерий Михин көмек шақыру үшін бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен.

23 қаңтарда сағат 20.08-де “112” нөміріне Т. Рысқұлов атындағы аудан тұрғынынан хабарлама келіп түскен, онда ол «Садыхан» қыстағынан 3 шақырым жерде тікұшақтың құлағанын көргенін айтты.Оқиға орнына   Жамбыл облысы Т. Рысқұлов атындағы аудан ТЖ және ішкі істер бөлімдерінің бөлімшелері, “Луговое” медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлері, жедел жәрдем бригадасы шұғыл жіберілді.Апат аудан орталығынан 100 шақырым, Тараздан 220 шақырым жерде орын алды. Күн қараңғы, жол жоқ болғандықтан іздеу жұмыстары қиынға соқты.МИ-2 тікұшағы құлаған жерден зардап шеккендер табылмады. Кейіннен екінші дәрежелі күйік алған ұшқышты куәгерлер Тараздың №1 ауруханасына жеткізгені белгілі болды.

Ауру Михин  Валерий  Михайлович Тараз қалалық №2 ауруханаға 24 қаңтарда 11.45 шамасында жеткізілген. Өзінің айтуынша,  23 қаңтарда 18 сағатта тікұшақ апаты кезінде жарақаттанған. Ауада қозғалтқыш өртенген. Жерге қонған соң өз бетімен тікұшақты сөндіре бастаған.Бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған. Көмек келген соң №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. №2 ауруханаға 24 қаңтарда жеткізілді”, — деп хабарлады басқармадан.

Зардап шегуші бет, бас, екі аяқ-қолының І-ІІ-ІІІ деңгейдегі термикалық күйігімен, ІІ деңгейдегі шокпен, ІІ деңгейдегі тыныс жолдарының күйігімен түскен.

“Жалпы жағдайы ауыр. Есін біледі. 25 қаңтарда 9 сағатта барлық маман шоғырланып тексерді, қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр”, — деп атап айтты басқармадан.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу