түрме

Түрікмендік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, ел Прездиенті тиісті жарлыққа үкімет отырысы кезінде қол қойған.

Түрікменбасшысы құқық қорғау ведомстволарының жетекшілеріне тұтқындарды тез арада босатуды тапсырған. Ал жергілікті билік босап келген адамдарға жұмыс табуға көмектеседі.

Айта кетейік, Түрікменстан елінде ұлттық мейрамдардың құрметіне жылына бірнеше рет рақымшылықтар жасалады. Соңғы рет биылғы жылдың ақпан айындағы Мемлекеттік ту күніне орай 828 адам түрмеден босатылған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!