Түнгі клубтағы төбелеске қатысты Шымкент судьясы жұмыстан қуылды

Шымкенттегі «Москва» түнгі клубындағы соңы кісі өлімімен аяқталған төбелеске қатысы бар Әл Фараби аудандық сотының судьясы жұмыстан қуылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми 2015 жылдың қорытынды жиынында судьялармен кездесуіндe мәлімдеді. Дереккөз: Отырар

0
Мәскеу

Еске салайық, «Мәскеу» түнгі клубындағы төбелес 2015 жылдың шілде айында болған. Жаппай жаға жыртысудың соңында 21 жастағы жігіт мерт болды.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жұмыссыз азамат ұсталған. Кейінірек Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері осы төбелеске қатысы бар тұлғалардың барлығын анықтады. Олар туған күнін осында атап өткен судья, полиция қызметкері және достары. Адам өлтіруге қатысы бар 23 жастағы күдікті де солардың арасында.

Қайрат Мәмидің айтуынша, қарастырылып отырған уақыт аралығында 32 судья-магистрант жұмыстан шығарылған. Яғни, тағайындалған қызметкерлердің әр тоғызыншысы деген сөз.

— Әл Фараби аудандың сотының судьясы Балтабаев соңы кісі өлімімен аяқталған төбелеске қатысқан, деп атап өтті Жоғарғы соттың төрағасы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу