Ұлттық ұлан сарбаздары

Әмиянның ішінде 20-25 дана евро купюрасы (төл валютаға шаққанда 5 миллион теңгеге жуық) бар болған. Әскери жасақ құрамы Ролан Тышқанбай мен Асылжан Айтбай осы жәйт туралы дереу әскери жасақ кезекшісі лейтенант Нұрсұлтан Әміровке, ІІД қызметкерлеріне баяндайды. Құқық қорғаушылар әмиян иесін іздестіруге шұғыл кірісіп кетеді.

Бұған дейін “Снежный барс” жеке кәсіпкерлігінің директоры Хамит Хайруллин қомақты қаржысын жоғалтқаны жайлы жөнінде құқық қорғау пунктіне өтініш жазған. Әмиянды қайтарған Ұлттық ұлан сарбаздарына кәсіпкер  жедел көмегі, адалдығы мен тәрбиесі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін құрама командирі полковник Сәкентай Шекарбековтың бұйрығымен Ролан Тышқанбай мен Асылжан Айтбай үлгілі қызметі үшін “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” кеуде белгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, сарбаздардың взвод және рота командирлері де жеке құраммен тәрбие жұмысын дұрыс жүргізгені үшін Ұлттық ұлан символикасы бейнеленген сағаттармен марапатталды.

1 пікір

  1. Правильно ребята, Лучше имя чем деньги, деньги это как вода, выпил и все, а имя навсегда.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!