Димаш Құдайберген

Орындаушының PR-директоры Алпамыс Шаримовтің айтуынша, келетін қонақтарының ішінде Қытай елінен Терри Лин бар.

“Қытай елінің ең жарық жұлдызы. I Am Singer жобасында Димашқа қарсылас бола жүріп, қамқорлығын танытып, Қытай елінің жұлдыздарының ішінде достық ниетін танытқан алғашқы әншілердің бірі. Димаштың туған күнінде жеке концерттік киімін сыйға тартып, арнайы тілегін де білдірді. Тіпті, Димаш Терри Линді “қытайлық өкіл әкем” деп атап та кетті. Көп мәрте азиялық марапаттардың жүлдегері Терри Лин 27 маусым #Bastau-дың құрметті қонағы!”, – дейді Алпамыс Шаримов.

Терри Лин
Терри Лин

Концерттің құрметті қонағының бірі, танымал жұлдыз – швециялық әнші Loreen. Ол – “Евровидение 2012” жылдың жеңімпазы, данс-поп, евродэнс жанрында ән шырқайтын танымал Еуропа әншісі.

Лорин, Швеция
Лорин, Швеция

“Атышулы Warner Music лейблымен серіктестікте қызмет атқаратын Лориннің 2012 жылғы “Heal” альбомы Европаның барлық ән шерулерінде топ жарды. Европаның сәлемін бізге Димаштың ән кешінде Лорин жеткізетін болады!”, – деп таныстырды Алпамыс Шаримов.

Сондай-ақ, Димаштың концертіне Ұлыбританиядан Элит-Бекстор Софи келеді. Ол – 1997 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келе жатқан әлемнің танымал әншісі. Көптеген танымал әндердің авторы, композитор.

 Элит-Бекстор Софи
Элит-Бекстор Софи

“Танымал сән брендтерінің жарнамасы оның әнімен сүймелденіп, ал сұлу бейнесі жарнаманың өзіне айналды! Элис-Бекстор Софи Қазақстанда алғаш рет Димаштың жеке ән кешінде қонаққа келеді!”, – дейді Димаштың PR-директоры.

Ресей елінен “Бастау” концертіне Кристина Орбакайте қатыспақ.

Кристина Орбакайте
Кристина Орбакайте

“Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген әртісі”, “Top Hit awards” марапатының жүлдегері Кристина Орбакайте Димаштың концертіне арнайы келе жатыр. “Славян базарында” Димашқа жеңіс сыйлаған әндердің бірі “Опять метель” әні Кристина мен Димаштың дуэтінде қалай шырқалады екен?! 27 маусым бірге тамашалайтын боламыз”, – дейді Алпамыс Шаримов.

Сондай-ақ үлкен шығармашылық кешке отандық өнер иелерінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі “Гранд Операда” Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі Майра Мұхамедқызы қатысады.

Майра Мұхамедқызы
Майра Мұхамедқызы

Димаш Құдайбергеннің өзі кешіне келетін әрбір қонақ Қазақстанның қонағы екенін айтып, шетелдіктерді достық рәуіште қарсы алуға шақырды.

“Менің Астана Аренада өтетін Bastau кешіме аз күн қалды! Шығармашылығымды қолдап, бата беруге асыққан мыңдаған көрерменіме ризамын! Шоу-концерт алдында этика бойынша құрметті қонақ болып қатысқалы жатқан әншілерді таныстыруға рұқсат етіңіздер! менің кешіме келген әр қонақ – Еліміздің қонағы, Сіздің үйге келген қонақ деп қабыл алыңыз! Шын жүрекпен, достық ниетпен қарсы алайық!”, – деп жазды Димаш Құдайберген.

Еске салайық, 27 маусым күні сағат 20:00-де Астанадағы “Астана Аренада” Димаш Құдайберген жеке концертін өткізеді. Билеттерді tiketon.kz, expo2017culture.kz, kassir.kz сайттары арқылы Қазақстанның кез келген қаласынан, әлемнің кез келген түкпірінен алуға болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!