Бас бет Featured2 19 маусым: Кей аймақта шаңды дауыл соғады

19 маусым: Кей аймақта шаңды дауыл соғады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 19 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.

Ыстық ауа райы

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, күндіз республиканың оңтүстігінде желмен бірге шаңды дауыл көтеріледі.

Солтүстік-батыста түнде және таңертен тұман түсіп, республиканың оңтүстік-шығысында, шығысы мен орталығында күндіз қатты ыстық болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің күші 23 м/с-қа артуы мүмкін, түнде және таңертен тұман болады.

Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында найзағай ойнап, 18 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген бөліктерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Астанада 19 маусымда: көшпелі бұлт шығып, оқта-текте жауын жауады, найзағай ойнайды. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.

Алматыда 19 маусымда: көшпелі бұлт шығып, жауын жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С.

 

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!