ЕОБ басшысының мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы өсе бастады

Дүйсенбіде мұнайға баға оң серпін ала бастады, инвесторлар Еуропалық орталық банк және Жапония банкі экономиканы ынталандыру бойынша қосымша шаралар қабылдайды деген үмітте. Бұл мұнай нарығында мұнайдың мөлшерден тыс болуы аясында сұранысты арттыруға жәрдемдеседі. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Мұнай

Мәскеу уақытымен 07:19-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасына наурыздық фьючерстер құны 1,08 пайызға, барреліне 33,20 долларға дейін көтерілді. WTI маркалы мұнайға наурыздық фьючерстер құны 0,71 пайызға – барреліне 32,42  долларға ұлғайды, деп жазады РИА Новости.

Өткен аптада кезекті отырыс нәтижесі бойынша ЕОБ басшысы Марио Драги реттеуші наурыздағы отырыста өзінің ақшалай-кредиттік саясатын өзгертуге шешім қабылдайтыны туралы мәлімдеген. Бұл еуроаймақтағы әлсіз инфляция деректеріне байланысты. Оның айтуынша, ЕОБ-тың әрекет етуге «билігі, шешімі, әзірлігі» бар. Осының аясында  инвесторлар арасында бейсенбі күні, 28 қаңтарда өтетін отырыста Жапония банкі экономиканы қолдау бойынша қосымша  шаралар қабылдауы мүмкін.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!