“Оңай” көлік картасынан ақша жоғалуы мүмкін бе?

«Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС жолаушылардың «ОҢАЙ» көлік картасынан ақша жоғалып жатқандығы туралы шағымдарына жауап берді. Дереккөз: ҚазАқпарат

2
Оңай

«ОҢАЙ» картасында ақша жоғалып жатқандығы туралы шағымданған жолаушылар бойынша шын мәнісінде мынадай жағдай орын алған. Олар қоғамдық көлікке кіргенде карталарында ақша болмаған. Бірақ сол карталары арқылы жол ақысын несиеге төлеуге қол жеткізген. Келесі жолы картадағы теңгерімін толықтырған сәтте, өткен жолы пайдаланған несиесі автоматты түрде өтелген. Яғни, ақша жоғалған жоқ, керісінше несиесі жабылған», – деп хабарлайды «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС баспасөз қызметі.

Бұл жерде «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС өзінің байланыс орталығына мына телефон нөмірі арқылы хабарласуға болатындығын жеткізді: 397 01 91. Сөйтіп, жол ақысының төленген уақыттарын, бағдардың нөмірі және басқа да мәліметтерді алуға болады.

«Жолаушыға жол ақысын несиеге төлеуге болады. Мысалы, жолаушы картаның балансын 200 теңгеге толықтырып, қоғамдық көліктерде 2 рет төлейтін болса,  картасында 40 теңге қалады. Ал, жол ақысы – 80 теңге. Картасының теңгерімін толықтыруды ұмытып кетіп, үшінші рет төлегісі келсе, транзакция жасалады, яғни 40 теңге және автоматты түрде несиеге тағы 40 теңге төленеді. Келесі жолы карта теңгерімі толықтырылған кезде 40 теңге автоматты түрде өтеледі. Уақыт өте келе жолаушылар картадағы өз ақшаларын бақылауды және жоспарлы түрде жұмсауды үйренген соң, көп мәселе шешіледі», – деп түсіндірілген «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС мәлімдемесінде.

Айта кетелік, «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС ТМД аумағында тұңғыш рет электронды билеттендіру жүйесінде онлайн технологиясын қолданып отыр. Ал онлайн режімінде жолаушылар легі, жол ақысын төлеу, жолаушылардың саны, карта теңгерімінде жатқан ақшаның көлемі туралы мәліметтерді алып отыруға мүмкіндік береді.

Онлайн технология виртуалды түрде ақша ұрланудан барынша қорғалған. Сондықтан, “ОҢАЙ” картасынан ақша ұрлау мүмкін емес.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

  1. Кредитке толей алмайсыздар ! Мен кешкисин карточкамдагы акшаны тексердим , 360 болган . Кайту ушин 80 толедим, калганы 280. Танертен осы карточкаммен 80 толедим. 200 калу керек емес пе? Сойтип, пересадка жасап, троллейбуста карточкаммен толейн десем толенбейди. Сонымен водитель карточкамды тексерип акша 40ак тенге бар екенин айтты. Сонда 160 тенгем желинген. Кайта карточкамда аз акша болганы кандай жаксы болган. Айтайын дегеним кредитке толей алсам менде 40болды го, бирак менен акша алмады.Онай акша жеп коятындыгына анык козим жетти. Кешкисин калдыкты тексергеним кандай жаксы болган ойткени накты далелмен айтып отырмын.

  2. Оңайда ақша жетпей қалса несие алынады деген өтірік.Талай рет 40 немесе 60 теңгем қалғанда аппарат қабылдамай қойған.сол үшін талай рет ақшалай төлейтінбіз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!