Қырғызстан-Қазақстан

Қазақстан қырғыз елінің Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай келуі үшін қаржылай және заттай жәрдем береді. Осы орайда шекарадағы қауіпсіздікті сақтау шаралары мен түрлі техникалық жабдықтау, сертификаттау сынды жұмыстар атқарылатын болады.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, осы шаралардың нәтижесінде екі жақты сауда айналымы арта түседі.

“Бізге пайдасын тікелей есептеу қиын болады. Бірақ басқа да тиміділігі бар. Ең бірінші мақсат, осындай техникалық көмек пен жәрдем көрсету, мына көршілес қырғыз елінің Еуразиялық экномикалық одақта бекітілген рәсімдерге қауіпсіздік жағынан басқа да жағынан сәйкес келуі. Әрі қарай бұнын тиімділігі сауда айналымына, тауардың сапасына өзінің әсерін береді”, -деді Бақыт Сұлтанов.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!