Ішкі көші-қонды ОҚО есебінен шешу қаншалықты дұрыс?

Биыл оңтүстік өңірден солтүстік Қазақстан облыстарына 400-ден астам отбасы көшіп барады. Бұл ақжолтай жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары қуанышпен жариялап жатыр. Шынында да солтүстік өңірге қазақтардың көптен көшіп барғаны абзал. Алайда ішкі көші-қон мәселесін Оңтүстік Қазақстан облысы халқының есебінен шеше беру қаншалықты дұрыс? Өйткені, аталған аймақта мемлекет құрушы ұлттың үлес салмағы 70 пайыз ғана емес пе? Дереккөз: sn.kz

1
Ішкі көші-қон поезд

Соңғы жылдары Үкімет ішкі көші-қонға мән беріп, жұмыс жүргізе бастады. Бұл әрине, көңілге қуаныш ұялататын жағдай. Өйткені, еліміздің солтүстік өңірлерінде қазақтардың үлес салмағы өте төмен. Мәселен, Қостанайда – 35,6, Солтүстік Қазақстан облысында – 33,7,  Павлодарда – 45,7, Ақмола облысында 44,6 пайыз қазақтар тұрады. Бұл ескі статистикалық мәлімет. Қазіргі таңда аталған облыстағы қазақтардың саны сәл-пәл артуы мүмкін. Алайда, біз айтқан облыстарда күрделі мәселе бар және оны ертерек шешу керек. Өйткені, Ресей көршісі Украинаның шекаралас облыстарына қалай басып кіргенін жақсы білеміз. Мұндай қауіп біздің елге де төнбес үшін ең алдымен Ресеймен шекарадағы облыстарды қазақыландырғанымыз жөн.

Қазіргі таңда Үкімет осы бағытта біршама жұмыс жасап, алдын ала әрекет етіп жатқаны байқалады. Алайда, ішкі көші-қон мәселесі тек қана Оңтүстік Қазақстан облысының халқын көшірумен шешілмеуі керек. Себебі, аталған облыстың онсыз да өз мәселесі бар. Нақтырақ айтсақ, оңтүстік өңірде өзбектер мен тәжіктердің саны жыл өткен сайын көбейіп отыр. Бірер жыл бұрын Сайрам және Төлеби аудандарына қарасты бірнеше ауылды Шымкентте тектен тек қосқан жоқ. Өйткені, бір жерде шоғырланып отырған өзбектер өз алдына автономия сұрапты деген алып-қашпа әңгіме шықты. Мұның қаншалықты рас, өтірігі белгісіз. Барақ бізге бір белгілісі ішкі көші-қон мәселесінде ОҚО өзге өңірлерге назар аудару қажет.

Нақтырақ айтсақ Атырау (91,3%), Маңғыстау (86,1%), Қызылорда (95,8%) облыстарының халқын солтүстік өңірге көшіруді қолға алу керек. Себебі, аталған үш аймақта қазақтардың үлес салмағы өзге облыстармен салыстырғанда көп болып отыр. Сол себепті, ендігі жұмыстар бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысымен жасалмағаны жөн.

Ал, Атырау мен Маңғыстау облыстарының халқы солтүстік өңірге баруға ниет таныта қояр ма екен?! Қос облыстың әлеуметтік жағдайы өзге өңірлерге қарағанда көш ілгері. Сондықтан,а аталған өңірдің халқын жаппай көше қоюы екіталай. Алайда, жақсы жағдай жасалса кім тәуекелге бел буғысы келмейді?!

Қазақтардың үлес салмағы 95 пайыздан асып отырған Қызылорда облысының халқы көше ме? Көшеді. Себебі облыс халқы экологиялық жағдайға байланысты жайлы жерде тұрғысы келеді. Сондықтан, өзінің және бала-шағасының жағдайын ойлаған азаматтар солтүстікке көшуге дайын деп айтуға болады. Алайда, қызылордалықтар Оңтүстік Қазақстан облысының халқы тәрізді белсенділік танытып жатқан жоқ. Үкімет «көш көлікті» болсын десе әліде болса жұмысты ширата түсуі керек.

Шынын керек, қазақтардың басым бөлігі өздері тұрып жатқан аймақты тастап солтүстікке көшкісі жоқ. Бұл туралы кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де айтқан болатын. Президенттің сөзінше, жастар бір жерде жабысып отырмай, өзге өңірге барып жұмыс істеуі керек.

С.АСЛАНБЕК

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. көрші елдің этнос өкілдеріне жер бермеу керек және салықты көбеиту керек халмурадов сияқты өзбектер диаспара емес деп ел арасына іріткі салып жүргендерді соттау қажет

Пікір қосу