Қазақстандық сәбилердің ерекше есімдері

Шыр етіп сәби дүниеге келгенде, ата-анасы оған ең жақсы ат қоюға тырысады. Себебі, баланың есімі оның тағдырына әсер етеді деген ұғым бар. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, шебер халық жоқ шығар. Алайда, соңғы кездері қойылған сәби есімдері құлаққа ерсі естіле бастағандай.

Дереккөз: Жігер. Абырой. Сана
2
сәби бала

Қала құрметіне

2012 жылы Маңғыстауда туған баланың есімі — …Нью-Йорк. Ия, дәл солай. Ал Алматы қаласында Атланта есімді қыз бала бар. Мүмкін бұл тағдыр болар.

Олардын бөлек елімізде Рим, Астана, Мекке-Мәдина және Қазақстан есімді сәбилер бар.

Спортшылардың құрметіне

Футбол басқа көптеген елдердегідей Қазақстанда да өте кеңінен тараған спорт түрі. Футбол десе делебе қозып тұрады. Сондықтан болар, танымал футболшылардың құрметіне қойылған елімізде он үш Зидан, он үш Зинедин, он Диего, бес Марадонна, төртПеле, төрт Серхио, екі Лионель Месси, екі Роналдо және екі Икер бар екен.

Атаулы іс-шараларға байланысты

Елімізде өткен атаулы іс-шараларға байланысты қойылған сәби есімдері де жеткілікті: Саммит, Олимпиада, Азиада және Сайлау. Бұл тізім әлі толық емес… Себебі келесі жылы Экспо есімді нәресте дүниеге келуі әбден мүмкін.

Өсімдікке байланысты

Еліміздегі ерекше есімдердің бірі — Бәйтерек. Оны тамырын тереңге жайған ағашқа байланысты қойды ма, әлде монументті меңзеп қойды ма тек ата-анасына мәлім. Ал 2013 жылы Теміртау қаласында туылған баланы ата-анасы Ёлка деп атапты. Мейлі, Бәйтерек өскенде, ел оны Бәке деп атар, ал Ёлканы қалай атайды, міне сол қызық?!

Ұлы адамдар құрметіне

Бұл тізімді, әрине, Нұрсұлтан есімді бүлдіршіндер бастап тұр. Бірақ біздің қазақ таң қалдырудан жалыққан ба? Баласы Елбасы болсын деп армандаған қазақтың қиялында шек жоқ. Мәселен, Жамбыл облысында дүниеге келген сәбидің есімі — НұрӘбиНаз.  Яғни Қазақстан Президентінің аты, тегі, әкесінің аты қысқартылып, бір есім болып шыққан. Бұдан өткен тағы бір қызық есідер бар. Олар — Ева-Арабелла және Бауыржанмомыш.

Басқа да есімдер

Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүр. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиқысыз есімдерді де қойған. Дәл осы дәстүр әлі де жалғасып келе жатқан іспетті. Әлбетте, мына есімдерді басқаша түсіндіре алмас едік: Дильнозалидия, Бобырбек, Ақпантоқпантұрарқожа, Балтагүл, Тракторгүл, Принц, Князь, Рай, Жанымсол, Антиятульхади және т.б.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

Пікір қосу