«Барыс» хоккейшісі Рыспаев бес матчқа шеттетілді

Құрлықтық хоккей лигасының спорт-тәртіп комитеті Астананың «Барыс» командасының қорғаушысы Дамир Рыспаевты алдағы бес матчтан шеттету жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы лиганың ресми сайтына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады. Дереккөз: ras.kz

4
Дамир Рыспаев

«Комитет мұндай жағдайда регламентте қарастырылатын ең ауыр жазаны тағайындады. Лига осы шешім болашақта мұндай жағдайдың болу ықтималдылығын төмендетеді деп үміттенеді», – делінген хабарламада.

Әңгіме астаналық хоккейшінің «Авангард» командасына қарсы соңғы ойындағы әрекетіне байланысты қолданылып жатқан жаза турасында болып отыр. Матч 21 қаңтар күні Астанада ойналды. Онда алаң иелері омбылықтардан 2:7 есебімен пырдай болып жеңілді.

Кездесудің екінші кезеңінде Рыспаев қолғабын шешіп тастап, омбылықтардың қорғаушысы Михал Кемпниді басынан ұрды. Осыдан кейін чех легионері мұзға жатып қалды. Ал Дамир оны жерде тағы соққылай бастады.

Айтылған бұзақылығы үшін астаналық 20 жасар хокккейші матчтың соңына дейін алаңнан қуылды.

Биылғы маусымда Рыспаев 34 матчта алаңға шықты. Оларда жиынтығы 121 минут айып кабинасында отырды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

4 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!