Алматыда Инвесторларды тарту бойынша Кеңес құрылды

Бүгін Алматыда Инвесторларды тарту бойынша Кеңес құрылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Алматы қаласы

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін тиісті өкімге қол қойды. Кеңес құрамына ірі қазақстандық және шет елдік инвесторлар, халықаралық консалтингтік компаниялар мен қаржылық ұйымдардың және басқа да мекемелердің өкілдері енді.

Кеңестің негізгі атқарар міндеті – Алматыда инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар, қала экономикасына шет елдік инвестияларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру стратегиясын әзірлеу.

Кеңес, мемлекет пен инвесторлар арасындағы ынтыматастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, Алматы қаласының аумағында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатыр. Ол инвесторларды іздестіру және қала үшін басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша инвесторларға қызмет көрсету ісімен айналысады.

Әрбір инвестициялық жоба бойынша аталмыш орталықтың бір жауапты қызметкері бекітіледі. Ол жобаны «алып жүреді» және оның жүзеге асуына «бір терезе» қағидасы бойынша мониторинг жасайды.

Тағы бір айта кететін жәйт, қазір қалаға ірі әлемдік брендтерді тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, 2015 жылы желтоқсан айында Алматыда «Starbucks» кофехана желісі ашылды. Одан басқа,  франциялық Carrefour дүкендер желісі Алматыда үстіміздің жылдың алғашқы тоқсанында өзінің алғашқы дүкенін ашады.

Сондай-ақ, тұрғын үйді көріктендіріп жабдықтауға арналған тауарлар сатумен айналысатын ірі франциялық Leroy Merlin компаниясы 2016 жылдың соңына дейін Алматы мен Алматы облысында сауда алаңдарын ашуды көздеп отыр.

Қазір «Auchan», «Bombardier», «IKEA» секілді компаниялармен де келіссөздер жүргізілуде.

Одан басқа, қаланың Инвестиция тарту бойынша Кешенді жоспарының орындалу барысын бақылау бойынша жүйелі негізде жұмыстар атқарылып жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!