Алматылықтар 2016 жылдың соңына қарай, қалада өсірілген көкөністерді сатып ала алады

Алматылықтар 2016 жылдың соңына қарай, қалада өсірілген көкөністерді сатып ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
көкөніс

Алматы қаласын жеміс-көкөніс, әсіресе жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету маңызды мәселе екені белгілі. Бұл әсіресе, қыс мезгілінде өзекті бола түседі. Өйткені, бұл кезде қызанақ пен қиярдың бағасы 4-5 есеге дейін қымбаттайды.

Ал қазіргі таңда Алматы халқының жаңа піскен көкөністерге деген жылдық сұранысы – 48,6 тоннаны құрайды, соның ішінде томат – 34,0 тонна, ал қиярға деген сұраныс -14,6 тонна болады.

Маусымаралық кезеңде, яғни қараша-сәуір айларында жаңа піскен көкөністер Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстаннан және Қытайдан жеткізіледі. 2015 жылы ҚХР-дан жеткізілген импорттық көкөністер – 7,2 мың тоннаны құрады. Өкінішке қарай, отандық тауар өндірушілердің тауарлары Алматы қаласының жаңа піскен көкөністерге деген қажетттілігін толық өтей алмайды.

Сондықтан, Алматы қаласының әкімдігі жалпы ауданы 50 гектардан асатын жылыжай кешендері желісін салу арқылы осы өнімдер бойынша азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуді мықтап қолға алды.

Қазіргі кезде Алматы қаласында «BRB APK» компаниясының ауданы 17 гектар болатын жылыжай кешенінің құрылысы салынып жатыр.

Жоспар бойынша ол биыл қыркүйек айында іске қосылады.
Ал оның жұмысы жыл сайын Алматы тұрғындарын 8 тоннаға дейін жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қала қажеттілігінің 16 пайызын құрайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!