Қазақ баласы велоспорттан Азия чемпионы атанды

Велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаев шосседегі топтық жарыстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды деп хабарлайды Қазспорт арнасы. Дереккөз: ҚазСпорт

0
Дінмұхамед Ұлысбаев велоспорт

Осы күндері Жапонияның Осима аралында велоспорттан 36-шы Азия чемпионаты өтуде. Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші алтын жүлдеге қол жеткізді.

Дінмұхамед Ұлысбаев жасөспірімдер арасында өткен шосседегі топтық жарыста чемпион атанды. Ал, Вьетнам (Phan HoangThai) және Жапония (Hanada Kiyomasa) спортшылары күміс пен қола жүлдені еншіледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық жас велошабандоз Вадим Пронский уақытқа өткен жекелей сында алтын медаль ұтып алған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!