Оңтүстік Қазақстанда 37 адам доңыз тұмауына шалдыққан

Әлемді дүр сілкіндіріп, мыңдаған адамның өмірін жалмаған доңыз тұмауына шалдыққандар Оңтүстік Қазақстанда да тіркелген деп хабарлайды Отырар арнасы.

Дереккөз: otyrar.kz
0
доңыз тұмауы

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Қарлығаш Төлендиева мәлім етті.

Маманның айтуынша, күнгейде қауіпті дертке 37 адам шалдығып, барлығы аурудан толық айыққан. Сондықтан, қазіргі кезде  жұқпалы дерттің аймақ тұрғындары үшін келер қауіп жоқ дейді.

Өйткені «доңыз тұмауы» деген атпен таралған індет тұмаудың А түрі, дейді мамандар. Дәл осы кезде бұл жұқпалы ауру қозады. Мұны мамандар қалыпты жағдай дейді.

Бұған себеп — қазіргі  эпидемиологиялық маусым. Доңыз тұмауына шалдыққандардың ішінде жүкті 10 әйел, 17 жасөспірім болса, қалғандары ересектер екен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу