Қазақстанда ескірген көліктерден құтылу үшін төлемақы көтерілмек

Қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың бір жолы – ескірген көліктердің санын азайту. Осы мақсатта елімізде көліктерді кәдеге асыру төлемақысы өсті деп хабарлайды 24 арна.

Дереккөз: nur.kz
0
көлік

Енді шетелдік автокөлік шығарушылар, импорттаушылар мен сырттан көлік сатып алған жеке тұлғалар темір тұлпарларын тіркеу үшін қомақты қаржы төлеуге міндеттелді.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 5 млн-ға жуық автокөлік тіркелген. Соның 60%-ға жуығы әбден ескірген. «Сондықтан бұл шешім отандық автоөндірісті дамытуға және экологияның жақсаруына айтарлықтай септігін тигізеді», — дейді сарапшылар.

«Мұның қарапайым тұтынушыларға тікелей әсері болмайды. Ашып айту керек, біздің тұтынушылар, автокөлігі бар адамдар бұл төлемақыны ешқайда барып төлемейді. Бұл салық түрі импорттаушылар мен отандық автоөндірушілерге жүктеліп отыр», — дейді автонарық сарапшысы Шалқар Нұртілеуов.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу