KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 382,87 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
доллар бағамы
Фото: Капитал

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

– есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 382,87 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 64 300 мың АҚШ доллары;

– есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

– есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE   сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

– есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6936 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 76 700 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 381,16 теңгені (-2,75) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 149 350 мың USD (+22 550 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

– USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,8000 тенге (жылдық  (жылдық 40,16 %), сауда-саттық көлемі 1 074 600 мың USD құрады;

– USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

– EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу