Алматы қаласының бюджеті 2015 жылы 500 млрд. жуық теңгені құрады

Экспорттық тауарлар бағасының түсуіне қарамастан, Алматыда жалпы өңірлік өнім - 8,5 трлн. теңгеге жетті.  Осылайша, қала бюджеті 446,5 млрд. теңгені құрады. Бүгін Алматы қаласы әкімдігінде қаланың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылауға байланысты өткен жиын барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Алматы қаласы

«Экспорттық тауарлар бағасының түсуіне қарамастан, Алматыда жалпы өңірлік өнім – 8,5 трлн. теңгеге жетті. Өсім – 2 пайыз болды.  Осылайша, қала бюджеті 446,5 млрд. теңгені құрады. Алматы қаласы республикалық бюджет бойынша көтерме сауда операцияларының 48 пайызын, бөлшек сауда операцияларының 20 пайызын қамтамасыз етеді», – деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, қала басшысы алматылық кәсіпкерлердің бүгінгі таңда өз қаржыларына балабақшалар салып жатқанын айтты.

«Елбасының тапсырмасы бойынша қаламыздағы коттедждердің бірқатары балабақшаларға айналуы тиіс. Кейбір аудандарда қысқа уақыт ішінде 5-6 балабақшадан ашылды. Бұл қала бюджетіне кері әсер еткен жоқ. Керісінше, мемлекеттің емес, жеке бизнестің қаржысына қазір қалада жалпы сомасы 30 млрд. теңгеге 25 балабақша салынып жатыр», – деді Б. Байбек.

Осылайша, 2015 жылы Алматыда 700 млн. теңгеге – 108 балалар және спорт алаңдары салынды. Ал 2016 жылы 1 млрд. теңгеге – 150 балалар және спорт алаңдары салынатын болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!