Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті (ҚазҒарыш) жетекшісінің уақытша міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
қазғарыш

Бұл туралы Министрліктің кадр жұмыстары жөніндегі департамент директоры Марат Иғали мәлім етті. Е.Шаймағамбетов 1974 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тасбөгет кентінде дүниеге келген. Үйленген, бір ұлы бар.

1998 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтын тәмамдаған. Қызмет жолын «Байқоңыр» ғарыш айлағында бастаған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу