17 жастағы қазақстандық велошабандоз Жапонияда алтын жүлдеге ие болды

Велосипед спорты бойынша олимпиадаға дайындық орталығының құрама командасы Жапонияның Ошима аралында 2016 жылы 19 қаңтардан бастап 30 қаңтарға аралығында өтетін Азия біріншілігіне қатысып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Вадим Пронский

«Велосипед спорты бойынша олимпиадаға дайындық орталығының» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азия біріншілігіне Қазақстаннан жасөспірім ұлдар мен қыздар және әйелдер қатысып жатыр. Қазіргі уақытта велошабандоздар Ошима аралындағы жеке және топтық жарыстарға қатысуда.

Азия біріншілігінде Қазақстан спортшылары жақсы нәтиже көрсетуде.

Орталықтың спортшысы Вадим Пронский жасөспірімдер арасында өткен жарыста бірінші орын алып, құрама қоржынына алтын салды.
Вадим 22,4 км қашықтықты 30.55.27 секундта жүріп өтіп, екінші келген спортшыдан 1 минут 29 секунд озық болды. Вадим қазір 17 жаста, Қазақстанның спорт шебері.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу