Мөлдір Әуелбекованың Инстаграм парақшасына шабуыл жасалды

0
Мөлдір Әуелбекова

Әнші Мөлдір Әуелбекова отбасын құрып, сүйікті жарына бейнебаян түсіріп бақыттан басы айналып жүргенде, оның инстаграмдағы парақшасын белгісіз біреулер бұзуға тырысып жүр. Мөлдір көңіл-күйін бұзған жанға сол парақшасы арқылы тіл қатып, ренішін білдірді.

әуел

Естеріңізде болса, Әуелбекова мұндай жағдайға бірінші рет түсіп отырған жоқ. Бұған дейін оның 500 мыңға жуық оқырмандары бар аккаунтын ғаламтор қарақшылары бұзған еді. Соңғы рет мұндай жағдайға Жанар Дұғалова мен Райым Уайыс тап болған болатын. Енді кезек Мөлдірдің өзіне қайта айналып келді. Енді кімнің парақшасы бұзылар екен?! Оны уақыт көрсете жатар.

Дереккөз: gakku.kz

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу