22 қаңтар күні еліміздің батысында қар жауып, боран болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күндіз кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен. Дереккөз: ҚазАқпарат

0

Нақтырақ, айтқанда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу