БҰҰ Қазақстан экономикасында өсім болады деп болжады

Біріккен Ұлттан ұйымы Қазақстан экономикасында биыл сәл болса да өсім болады деп отыр. Халықаралық ұйымның экономикалық және әлеуметтік департаментінің мәліметінше, даму бір пайызды құрамақ. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 2 пайызға жетеді. Дереккөз: КТК

0
Астана Қазақстан

ТМД елдері мен оның ішінде Қазақстанға Ресейдегі қиындықтар әсер етеді дейді сарапшылар. Бұған көрші мемлекеттегі еңбек өнімділігінің азайып,  рубльдің құлдырауы себеп. Америка мен Еуроодақтың санкциясы, мұнайға бағаның түсуі жағдайды одан әрі ушықтыруы ықтимал. Десе де, Біріккен Ұлттар ұйымы Еуразиялық экономикалық одақ туралы жақсы пікірде. Баяндамада бұл сауда-саттықты көбейтіп, инвестиция тартудың таптырмас жолы делінген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!